Северо-Казахстанская область

Петропавлда ірі апат болып, бірнеше аудан тұрғындары сусыз қалды

Құбырдың жарылу себебі анықталып жатыр

Петропавлда құбыр жарылып, бірнеше аудан тұрғындары сусыз қалды. Арнайы қызмет мамандары оқиға орнына жеткенше Абай, Интернационал және Жұмабаев көшелерін су басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Қызылжар су» коммуналдық мекемесі баспасөз қызметінің мәліметінше Жұмабаев және Абай көшелерінің қиылысындағы учаскеде диаметрі 800 мм пластик су құбыры зақымданған. Апат салдары әлі де жойылып жатыр. Құбырдың жарылу себебі анықталып жатыр.

«Құбыр жарылған кезде қысым төмендеп кетті. Салдарынан басқа аудандарда орналасқан үйлерге де су бармай қалды. Тәулік ішінде апат салдарын жоямыз деп ойлаймын. Мамандар жұмыс істеп жатыр», — дейді «Қызылжар су» ЖШС бас инженерінің орынбасары Ербол Нәбиев.

Другие новости

Back to top button