Госорганы

Перизат Қайраттың ісі бойынша оның анасы да күдікке ілінді – дереккөз

Қайырымдылыққа бөлінген 1,7 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен қамауға алынған блогер, кәсіпкер Перизат Қайраттың да анасы Ғайни Алашбаева да істі болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, ақша жымқыру бойынша блогердің анасы да күдікке ілінді.

«Бірер күн бұрын Алашбаева жымқыру бойынша күдікке ілінді. Тергеу мәліметі бойынша ол қазақстандықтардың көктемгі су тасқынына деп жинаған ақшаны қызына қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен», — деп жазды журналист Михаил Козачков.

Azattyq Rýhy тілшісі осы орайда Қаржылық мониторинг агенттігінен сұрау салғанда бұл ақпаратты жарияламағанын хабарлады, алайда мәліметті жоққа да шығарған жоқ.

Айта кетейік, жуырда Қаржылық мониторинг агенттігі блогер, кәсіпкер Перизат Қайраттың ұсталғанын ресми хабарлаған болатын.

«Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Қайырымдылықтан түскен ақшаның көбі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалған», — деген еді агенттік.

Другие новости

Back to top button