Главное

Перизат Қайрат пен анасының соты әр дүйсенбі және сейсенбі күндері өтеді

Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты қылмыс бойынша соттың алдын ала отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Перизат Қайрат пен оның анасының ісі бойынша өтетін сот отырыстары жартылай жабық форматта ұйымдастырылады.

Судья атағандай, сот процесінің айыпталушыларды сұрау бөлімі жабық түрде өтеді, яғни бұл кезең көпшілікке көрсетілмейді. Ал қалғандары ашық форматта өткізіледі.

Сот отырыстары әр дүйсенбі және сейсенбі күндері өтеді. Бірінші отырыс 14 шілде күні сағат 10:00-де басталады.

«Қылмыстық-процестік кодекс талаптарына сәйкес, сот талқылауы ашық түрде жүргізіледі. Жабық түрде өткізу тек заңда көзделген жағдайларда және жеткілікті негіздер болған кезде ғана рұқсат етіледі. Қорғаушы, айыпталушылар, жәбірленушілер мен олардың өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қатысуымен келісімді талқылағаннан кейін, сот мынадай қорытындыға келді: сот талқылауын жабық тәртіпте өткізуге негіздер жоқ», — деді судья.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қараша айында қайырымдылық қорының жетекшісі әрі қоғам белсендісі Перизат Қайрат ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Оған тасқын су салдарынан зардап шеккендерге және Палестина халқына арналған қаражатты мақсатсыз жұмсады деген айып тағылған. Қаржылық мониторинг агенттігі оның қымбат пәтерлері, люкс автокөліктері, зергерлік бұйымдары мен аксессуарларына тыйым салған.

2025 жылдың қаңтар айының соңында Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа қатысты жаңа тергеу ісін тіркеді. Ол мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығының құрылысын қаржыландыру деген желеумен ақша жинап, алаяқтық жасады деп айыпталуда.

Тергеу барысында Перизат Қайрат:

  • Өзін кәсіпкер ретінде көрсетуге тырысқан;
  • Ұрланған миллиардтарды заңдастыруға әрекет жасаған;
  • Тергеуге жауап беруден бас тартып, тергеушілермен байланысқа шықпаған.

Другие новости

Back to top button