Главное
Павлодарда небары төрт айлық ұл әкесінен екі рет қатты таяқ жеп, жетімдер үйіне түскен

Павлодар облысындағы бала құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенева небары төрт айлық ұлдың осы аралақта әкесінен қатты таяқ жеп, екі рет ауруханаға түскенін мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.
«2025 жылдың 19 наурызынан бері Жетімдер үйінде жатқан төрт айлық балаға барып, денсаулығын көріп қайттым. Ол наурызда Облыстық балалар ауруханасынан шыққан еді. Себебі, екі рет қатты жараланып, ауруханаға түскен», — деп жазды Шакенева.
Оның айтуынша, қазір баланың денсаулығы жақсарған.
«Баланың заңды өкіліне қатысты Қылмыстық кодекстің 106 бабы, 2-тармағы бойынша, яғни, қауқарсыз күйдегі баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Заңды өкілін ата-ана құқығынан айыру үшін іс материалдарын кәмелет жасына толмаған балалардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа тапсырдық», — деп жазған ол.