Павлодарская область

Павлодарда мектеп қоршауынан балаларды сырттай бақылаған ер адам ұсталды

Жасы 50-ден асқан ер адамның жеке басы анықталды

Павлодарда балаларды сырттай бақылаған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде тараған фотодан ер адамның біртүрлі киінгенін әрі мектептің сыртқы қоршауынан ішке телміріп қарап тұрғанын көруге болады.

«25 мамыр күні сағат 16:35-те бейтаныс ер адам Павлодар қаласы №43 ЖОББМ қоршауынан балаларды бақылап тұрды. Полицияға 5 рет қоңырау шалып, хабарласа алмадық. Барлық операторлар бос болмады. Ата-аналар сақ болыңыздар», — делінген жазбада.

Осы жайтқа қатысты қалалық полиция бөлімі өз жауабын берді.

«Сағат 17:45 шамасында Павлодар қаласының ПІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері № 43 ЖОББМ жанында 1970 жылы туған ер адамды ұстады. Ол облыс орталығында тұрады. Оның жеке басы анықталды. Ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді», — делінген жазбада.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жасы 50-ден асқан адамның әңгіме барысында өзін дұрыс ұстамағанын айтты. Осыдан кейін олар №7 бригаданы шақырып, ер адамды ауруханаға жатқызған.

Другие новости

Back to top button