Павлодарская область
Павлодарда кәріз құбырынан шала туылған ер баланың денесі табылды
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінің жертөле үй-жайында кәріз құбырын тазалау кезінде жқмысшылар шала туылған ер баланың денесін тауып алған.
«ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес «адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі», — делінген Полиция департаментінің хабарламасында.