Павлодарская область

Павлодарда жеңіл ақша табу үшін 12 млн несие алған адам алаяқтардың құрбаны болды

Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде

Ер адам жеңіл ақша табу мақсатында әртүрлі банктерден биыл 3-27 тамыз аралығында жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам несие алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтық туралы арызбен 53 жастағы қала тұрғыны жүгінген.

«Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін ірі танымал компаниялардың бірінің менеджері ретінде таныстырған. Өзін инвестициялау саласындағы кәсіпқой маман ретінде көрсете отырып, телефон арқылы өте тиімді ұсыныстар туралы айтқан және қосымша қомақты табыс табу үшін ақша аударуды ұсынған. Алайда ер адам инвестиция алмақ болғанда компания менеджері биржаның жабылғанын айтқан», — дейді департаментте.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары соңғы уақытта облыс аумағында алаяқтар телефон арқылы инвестициялық компанияларға ақша аудару арқылы тұрақты табыс алуды ұсынатын жағдайлар жиілеп кеткенін және көптеген адам олардың құрбаны болып жатқанын айтып дабыл қағуда.

«Ешбір жағдайда ешкімге құпия деректерді: логин, пароль және банктік картаңыздың деректемелерін – картаның түпнұсқалығын, оның иесінің атын, қолданылу мерзімін растайтын CVV2 құпия қауіпсіздік кодын, ДСН-кодты, код сөзін бермеңіз», — дейді полицейлер.

Департаментте алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырмауды және бұл фактілер туралы 102 телефоны бойынша полицияға хабарлауды сұрайды.

 

Другие новости

Back to top button