Павлодарская область

Павлодарда ішінде 50 шақты баллон орналасқан ғимарат өртендіҺ

Павлодарда бір қабатты ғимаратта өрт шықты, өрт сөндірушілер ғимараттан жарылуға бейім 50 баллонды шығарды.

Көлемі 250 шаршы метр алаңда құрал-жабдықтар жанды.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнынан газ баллондарын тапты. Өрт сөндірушілер батырлық танытып, өрт орнынан 4 газ, 2 көмірқышқыл,, 6 оттегі, 8 азот және 30 фреон баллонын, 1 канистр бензин шығарды», — джелінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылы арқасында өрт көрші ғимараттарға таралған жоқ. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 13 адам өз бетінше оқиға орнынан эвакуацияланды.
Сонымен қатар персонал өрт оқиғасы орнынан 2 газ баллон шығарды.
Өрт сағат 17-29-да оқшауланып, сағат 19.18-де сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Другие новости

Back to top button