Павлодарда интернат қызметкерлері ақыл-есі кем оқушыларды төбелестіріп қызықтаған ба
Аталған оқиға әлеуметтік желіде тараған
Павлодар облысындағы арнайы мектеп-интернатының тәрбиешілері ақыл-есінің кемістігі бар оқушыларды төбелестіріп қойып, қызықтап отыратын болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұл сорақылық ата-ана шағымынан соң әшкереленген.
Аталған оқиға әлеуметтік желіде тараған. Жергілікті тұрғынның сөзінше, интернат тәрбиешілері тәртіпке бағынбаған оқушыларды ересектеріне ұрғызған. Ол жайында жәбір көрген қыз анасына айтып беріпті. Ал монитор арқылы қыздардың жаға жыртысын тамашалап мәз болғандардың арасында мекеме басшысы да бар көрінеді.
Бірақ білім басқармасы бұл деректі теріске шығарды. Тіпті оқушылардың не үшін қырқысқанын да түсіндіре алмады. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.
«Білім басқармасымен қызмет тексерісі жүріп жатыр. Мектеп интернаты мен тәрбиешісі тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен қатар аталмыш оқиға бойынша Тереңкөл ауданының полиция бөлімінде бұл жағдай тіркелді», — деді Павлодар облысы білім басқармасының бас маманы Жібек Айтмұханбетова.