Павлодарская область

Павлодарда бойжеткен көлік жолына шығып алып, оғаш қылық көрсетті (ВИДЕО)

Павлодар жолдарының бірінде түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде жарияланған кадрларда павлодарлық бойжеткеннің жол үстінде оғаш қылық танытқаны көрінеді. Ол көлік жолының ортасында тұрып, асфальтқа отырып, өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, қолын сермеп, бір нәрселерді айқайлап айтқан.

Аталған видеоға Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Аталған тұлғалар уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына айықтыру үшін жеткізілді», – деп хабарлады полиция агенттік сауалына жауап ретінде.

Другие новости

Back to top button