Госорганы
Павлодарда Audi A4 жүргізушісі Катаев көшесінде қауіпті маневр жасағаны үшін жауапқа тартылды
Павлодар облысында әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде полиция Катаев көшесімен қозғалған Audi A4 көлігінің жүргізушісінің маневрі қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жол-көлік оқиғасының туындау қаупін тудырған видеожазбасын анықтады.
Аталған факті бойынша жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Павлодар облысының полиция департаменті хабарлауынша, жыл басынан бері маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 727 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Полиция жүргізушілерді жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтауға, кенеттен басып озу, жолақ ауыстыру және жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін басқа да қауіпті маневрлерден аулақ болуға шақырады.



