Павлодарская область

Павлодар облысында терең шұңқырға құлаған бала ауыр халде жатыр

Жазатайым оқиға 29 мамыр күні болған

Павлодар облысында терең шұңқырға құлаған бала ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланады. 29 мамырда сағат 17:40-та жедел жәрдем аудандардың бірінен облыстық балалар ауруханасының жарақат пунктіне сегіз жасар баланы жеткізген. Анасының айтуынша, бала ауладағы биіктігі 2,5 метрге дейін су құбыры үшін қазылған шұңқырға құлаған.

«Жалпы жағдайы бас миының жарақаты, мидың ісінуі, көп қан жоғалту, ауыр дәрежедегі геморрагиялық шок, гиповолемия, ауыр дәрежедегі анемия, ота жасалуы салдарынан өте ауыр. Барлық қажетті емдеу және диагностикалық іс-шаралар жүргізілуде», –  деді басқармада.

Сол күні сағат 18:30 шамасында жеті жасар бала арбадан құлап кеткен. Ата-анасы баланы орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асептикалық таңғыш қойылған соң облыстық балалар ауруханасына жіберілген.

Баланы нейрохирург тексеріп, миға КТ жасауға жіберген. Әрі қарай шұғыл түрде емдеу үшін травматологиялық бөлімге жатқызылған. Отадан кейін жағдайы ми жарақаты мен ісінуіне байланысты ауыр деп бағаланады.

Другие новости

Back to top button