Павлодарская область

Павлодар облысында шөпке бара жатқан трактор суға түсіп кетті (фото, видео)

Павлодар облыстық ТЖД Павлодар облысы Май ауданында шөпке бара жатқан трактор суға түсіп кетті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің басылымға берген мәліметінше, 8 қараша күні шамамен сағат 13-те «Кенже» шаруа қожалығының механизаторы қар аралас жаңбырға қарамастан, Баскөл ауылындағы паромның үстінде трактормен тоғайға шөпке шыққан.

«Алайда трактор ауа райының қолайсыздығынан паромнан сырғанап түсіп кеткен. Жүргізушінің өзі паромның үстінде қалған», — дейді департамент өкілдері.

Басылымға белгілі болғандай, ауыл азаматтары шамамен екі сағаттан соң басқа трактормен тросс арқылы тракторды судан шығарып алған. Паром жұмысын тоқтатты.

Другие новости

Back to top button