Павлодарская область

Павлодар облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен балықшылардың мәйіті табылды

Павлодар облысында жоғалып кеткен екі балықшының мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 10 қазан күні сағат 14:00 шамасында Құтаяқсор көлінде іздеу шаралары барысында 8 қазан күні жоғалып кеткен екі балықшының денесі табылды.

Оқиға орнында полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Мәйіттерге сараптама тағайындалады, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылдаймыз.Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Павлодар облысында екі балықшының жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған болатын. Екі дос 5 қазан күні Құтаяқсор көліне балық аулауға барған.

Другие новости

Back to top button