Павлодарская область

Павлодар облысында жол жөндеушілер судың үстіне асфальт төсеген

Павлодар облысы Баянауылда судың үстіне асфальт төсегендер көпшіліктің ашуын тудырды. Мұны жергілікті тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алыпты. Жол жөндеушілер қарлы жаңбырдан кейін құрғамаған жерге асфальт салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astanа арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындар бұл жолдың сапалы боларына күмәнмен қарайды. Сол себепті асфальтты бұзып, қайтадан салуды талап етуде. Баянауыл ауданының әкімдігі мұны жоққа шығарды. Айтуларынша, сол күні күн райы ашық болған. Сөздерінше, жер су болмаған. Ал көлік тұрағына арналған жолға асфальт төсеуге 13 миллион теңге қаражат бөлініпті.

Бүркітбай БИЖАНОВ, БАЯНАУЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

“Әлі қабылдап алынған жоқ көлік тұрағы. Сапасы жағынан центр качество дорогтан лабораториялық анализін жіберткіземіз. Содан асфальттың сапасын жанағы, төселген қиыршық тастардың сол жанағы сараптамадан өткіздіреміз, әрине. Оның бәрін тексертеміз. Жанағы жанында көрсетіліп тұрған су көлік тұрағына жатпайды ол”, – деді Баянауыл ауылының әкімі Бүркітбай Бижанов.

 

Другие новости

Back to top button