Павлодарская область
Павлодар облысында дүлей дауылдан ондаған нысан, 20-ға жуық адам зардап шекті

Павлодар облысында 2025 жылғы 19 маусымда соққан дүлей дауылдың салдарынан зардап шеккендер саны 16 адамға жетті. Жарақат алғандардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желдің жылдамдығы 43 м/с-қа дейін жеткен
Куәгерлер мен мамандардың айтуынша, дауыл кезінде желдің екпіні секундына 43 метрге дейін күшейген. Бұл аймақ үшін рекордтық көрсеткіштердің бірі саналады.
Ондаған ғимарат бүлінген
- Павлодар қаласында – 47 нысанның шатыры зақымдалған, олардың ішінде 6 әлеуметтік мекеме бар (мектептер, балабақшалар, ауруханалар).
- Ақсу мен Екібастұзда – 23 нысан зақымданған.
- Ауылдық аудандарда – кемінде 7 нысанға зақым келгені анықталған.
Сонымен қатар, Май және Павлодар аудандарында ғимараттардың зақымдануы тіркелді.
Электр жарығы үзілді – жөндеу жұмысы жүріп жатыр
Дауыл салдарынан бірнеше елді мекенде электр энергиясы мен байланыс желілері үзілді. Қазіргі уақытта Ақсу қаласында және Баянауыл ауданында электр қуатының өшуі тіркеліп отыр. Қазіргі таңда энергетик мамандар 16 электр бағанасын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 300-ден астам маман мен 103 техника бірлігі жұмылдырылған.
Айта кетейік, Ақсу қаласында дауыл кезінде құлаған ағаш әйелдің кеуде тұсына кіріп кетіп, көз жұмғаны хабарланған болатын.