Павлодарская область

Павлодар облысында әкім кесене ішінде қоластындағылармен отырыс ұйымдастырған

Желіде әкімдік өкілдерінің дастархан басына жиналып жатқан кезде, куәгердің отырысты бұзып жіберген видеосы пайда болды. Оның сөзінше шенеуніктер жұмыс уақытында демалуға жиналған. Әкім жиналыс өтізбек болып жатқанын айтып ақталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі NT редакциясына Шарбақты ауданының әкімі С.Е. Иманқұловтың 5 қаңтарда аудан аумағына жұмыс сапарын ұйымдастырып, оның ішінде Ғабдул-Уахит Әзірет кесенесінде ішкі туризмді дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізгенін хабарлады.

«Осы іс-шара аяқталғаннан кейін сағат 13.00-де түскі үзіліс кезінде кесене аумағында орналасқан қонақ үй ғимаратында шай ішу үшін дастархан жасалған. Сонымен қатар, аудан әкімдігі қызметкерлері 5 қаңтар күні 9.13-тен бастап (жұмыс уақытында) отырысқа дайындалғаны (азық-түлік әкеліп, тамақ істеп және т.б.) расталды, бұл қызметтік тәртіпті бұзуға жатады», — деп түсіндірді әкімдік.

Осы оқиға бойынша Шарбақты ауданының әкімі С.Е.Иманқұлов, аудан әкімінің орынбасары Р.А.Негманова және аудан әкімі аппаратының басшысы Г. Е.Жақышева тәртіптік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің ұсынысымен ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы В.И.Севостоянова, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Ю.Татваева, Орлов ауылдық округінің әкімі И.В.Галямова және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.А.Кайсаримова тәртіптік жауапқа тартылды.

Бұған дейін Қостанай облысында тұрғындарға дөрекі сөйлеген әкім жазаланатынын хабарлаған едік.

Другие новости

Back to top button