ГлавноеПавлодарская область
Павлодар облысына келген жаңа әкім Клебановтың сенімді серіктесі — БАҚ
Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған Олег Крук олигарх Александр Клебановтың сенімді серіктесі болып шықты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.
ҚазТАГ хабарлауынша, Әбілқайыр Ысқақовтың орнына келген Олег Крук бұрын «Павлодарэнерго» ААҚ пен «Павлодар жылу желілері» ЖШС-ның директоры болған. Бұл екі компания да Александр Клебанов басқаратын «ЦАТЭК» АҚ-ға тиесілі.
Бір қызығы, Олег Крук Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болғанда, өңірді жылыту маусымына дайындау мәселелеріне жетекшілік еткен. Яғни, ол соңғы жылдары Екібастұзда ең ірі апатқа ұшыраған Екібастұз жылу-электр орталығы (ЖЭО) үшін жауапты болған.