Павлодарская область

Павлодар мұнай-химия зауытының жаңа басшысы туралы не белгілі

Маждай Ахметов Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры болып тағайындалды. Бұл шешімді зауыттың жалғыз құрылтайшысы — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қабылдаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КӘСІБИ ЖОЛЫ

Маждай Ахметов еңбек жолын 2010 жылы дәл осы ПМХЗ-да технологиялық қондырғылардың операторы ретінде бастаған. Кейінгі жылдары ол:

  • өндірісті дайындау инженері,
  • изомеризация және нафта сплиттері қондырғысының бастығы,
  • мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің операциялық үйлестірушісі,
  • жеңіл мұнай өнімдері өндірісінің басшысы,
  • бас технолог қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары – ПМХЗ-ның бас инженері қызметінде болған.

ҚМГ

«ҚазМұнайГаз» компаниясының мәлімдеуінше, ұлттық компания басшысы жаңа бас директорға бірқатар маңызды міндеттер жүктеді.

— Зауыттың тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын толық сақтау, кәсіпорынның операциялық тиімділігін арттыру, жеңіл мұнай өнімдерінің үлесін көбейту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру – оның ішінде дизель отынын гидротазалау қондырғысын жаңғырту және жөндеу аралық кезеңді ұзарту сияқты бастамаларды жүзеге асыру тапсырылды, делінген ҚМГ хабарламасында.

АЛДЫҢҒЫ БАСШЫ ҚАЙДА КЕТТІ

Айта кетейік, Павлодар зауытының алдыңғы басшысы Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) бас директоры қызметіне тағайындалған.

Другие новости

Back to top button