Павлодарская область

Павлодар маңындағы апат: 2 адам әлі іздестіріліп жатыр

Павлодар облысы «Майкаинзолото» АҚ-ға тиесілі шахтаға құлаған 2 адам әлі табылмай жатыр. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

«Кеніште топырақ әлі сырғып жатыр, опырылу шегі тұрақсыз. Құтқарушылар өте қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмысы жалғасып жатыр», – деп жазылған хабарламада.

Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысының Төтенше жағдай департаментінің кинологтары да жұмылдырылды.

Оқиға орнына ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, 103 қызметі бөлімшелерінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан барлығы 116 адам мен 23 техника тартылды. Сонымен қатар Төтенше жағдай министрінің орынбасары Мереке Пішембаев, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов та барды.

Еске сала кетейік,  оқиға 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында болған. Шұңқырдың ұзындығы – 150-200 м, ені 500 м, опырылым тереңдігі 150 м. Апат кезінде автобуста кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің 4 маманы болған.

Другие новости

Back to top button