Павлодарская область

Павлодар балабақшасында тәрбиеші көмекшісі баланы ұрып-соқты

 Әлеуметтік желіде балабақша қызметкері баланы бірнеше рет ұрып-соққаны туралы видео жарияланды.

Павлодар облысының білім басқармасы шұғыл шара қолданды.

«Бейнебақылау камерасындағы жазбаны қарау кезінде Павлодар қаласындағы №4 балабақшада тәрбиеші көмекшісі балаға қол жұмсағаны анықталды», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

9 тамызда № 4 балабақша әкімшілігіне «Б» кіші тобындағы баланың анасы қызының аяғы көгергенін айтып шағымданған. Бақылау камерасын қарау кезінде бала аяғын кереуеттің шетіне өзі ұрып алғаны белгілі болды.

Дегенмен тәрбиеші көмекшісінің тәрбиеленушіге қол көтергені де анықталды. Бұл 9 тамызда балаларды ұйқыға жатқызу кезінде болған.

«Осыған орай мектепке дейінгі ұйым басшысының міндетін атқарушыдан, тәрбиеші көмекшісінен түсініктеме алынды. Жұмыс берушінің бастамасымен тәрбиеші көмекшісімен еңбек шарты бұзылды», — деп хабарлады білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бақылау жасамағаны үшін мекеме басшысына сөгіс жарияланды. Одан әрі тексеру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді.

Другие новости

Back to top button