Госорганы

Пәтеріңізді ұрылардан қалай қорғауға болады – ІІМ кеңесі

 Жаз айларында азаматтар басқа жаққа жиі сапарлайтын болғандықтан пәтер ұрылары белсенді бола түседі. Осыған орай Ішкі істер министрлігі пәтеріңізді ұрылардан қорғаудың қарапайым қауіпсіздік шараларын атады. 

Олар мыналар:

– Есікке сапалы құлып орнатыңыз. Кілттің айналымы неғұрлым көп болса, ұрылардың құлыпты ашып алу мүмкіндігі азаяды. Дұрысы 3-4 айналым болуы қажет. Пәтер есігінің ішке қарай ашылмауы да маңызды;

– Терезе торлары. Оларды жұлып немесе ашып алу мүмкін емес. Торлар тек 1-ші, 2-ші және соңғы қабаттардың тұрғындары үшін ғана емес, сонымен қатар терезелері құбырлар мен баспалдақтар жанында орнатылған пәтер иелері үшін де қажет;

– Арнайы «жалюзимен» терезені күшейту. Бұл – саяжай және жер үйлер үшін таптырмас нәрсе. Ол терезелерді сыртынан ашудан қорғайды;

– Дабыл жүйесін орнату. Үйге кіргенде SMS-хабарлама жолдайтын және бейнебақылау камерасы бар жүйе орнатуға болады;

– Сондай-ақ ақшаңызды, зергерлік бұйымдар және оларды қайда сақтайтыныңызды әлеуметтік желіде көрсетпеңіз;

– Ұзақ мерзімді демалысқа бара жатқаныңызды көпшілікке жарияламағаныңыз абзал;

– Құнды заттарды шкафтарда, матрацтардың астында сақтамаңыз. Бұл үшін сенімді сейфтерді немесе банк қызметін пайдаланғаныңыз жөн.

Другие новости

Back to top button