ГлавноеГосорганы

Парламент депутаттары каникулға кетті

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың айтуынша, сессия барысында екі палатада 179 заң жобасы қаралған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін Қазақстан Парламенті мәжілісі мен сенатының депутаттары демалысқа шықты. Қос палатаның бірлескен отырысында Ерлан Қошанов өткен сессия «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының тиімділігін дәлелдегенін атап өтті.

Оның айтуынша, Парламент палаталарының бес бірлескен отырысы, Мәжілістің 39 жалпы отырысы және Сенаттың 43 жалпы отырысы өткізілген. 179 заң жобасы қаралып, 102 заң жобасы қабылданған.

Депутаттардың қазіргі құрамы 2023 жылы сайланған еді.

Другие новости

Back to top button