Главное

Парламент депутаттары каникулдан оралды — алғашқы отырыс бес минутқа жетпей аяқталды

Бүгін Астанада өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында сегізінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екі айлық каникулдан кейін Мәжіліс пен Сенат депутаттары жұмысына қайта оралды. Каникул кезінде халық қалаулылары өңірлерді аралап, тұрғындармен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, күн тәртібіне шығатын өзекті мәселелерді жинап қайтты. Жаңа сессияда талқыланатын тақырыптардың басым бөлігі де осы сапарларда көтерілген ұсыныстарға негізделмек.

«Бүгіннен бастап Парламенттің төртінші сессиясы өз жұмысын бастайды. 8 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысы өтеді. Онда президентіміз жылдағы дәстүр бойынша халыққа Жолдауын жариялап, алдымызға жаңа міндеттер қояды», — деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Бірлескен отырыс ресми түрде ашылып, Қазақстанның мемлекеттік әнұраны орындалды. Артынша отырыс жабық деп жарияланды. Осылайша, бес минутқа жетпейтін уақыт ішінде Парламенттің кезекті сессиясы бастау алды.

Отырыстан кейін дәстүр бойынша БАҚ өкілдері депутаттар мен министрлерге өз сұрақтарын қойды.

Другие новости

Back to top button