ГлавноеГосорганы

Парламент депутаттары елорда атауын өзгертуді талқылап жатыр

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында  Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірлескен отырыста «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.

ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасы Конституцияның 91-бабына сәйкес Парламенттің қарауына берілді. Ол Мемлекет басшысының саяси бастамаларына сәйкес, сондай-ақ  Парламент депутаттарының ұсынысы бойынша әзірленді. Заң жобасы 5 бапқа өзгерістер енгізуді және бір баппен толықтыруды көздейді. Түзетулер үш блоктан тұрады, — деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ ел астанасының атауын өзгерту мәселесіне тоқталды.

Қазақстан Республикасы астанасының атауы Астана деп өзгерту. Елорда атауын өзгерту мәселесін азаматтар ұзақ уақыт бойы кеңінен талқылауда. Ол кездесулер барысында және референдум кезінде азаматтардың үндеулерінде көтерілді. Сондықтан қоғамдық пікірді ескере отырып, депутаттардың бұл ұсынысы заң жобасына енгізілді. Елорданың атын өзгерту бойынша бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы ұсынды. Осылайша, заң жоба аясында көзделген конституциялық новеллалар Мемлекет басшысының саяси бастамалары мен депутаттардың ұсыныстарын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл саяси жүйенің мүлдем жаңа стандарттарын белгілейді, — деді Әділет министрі.

Другие новости

Back to top button