Алматы

Парижде Алматы спорт басқармасының басшысы көз жұмды

Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин көз жұмды, деп хабарлады Ulysmedia.kz. 

Ол Парижге турист ретінде барған.

Ерден Рашидұлы Хайруллин 2009 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген, 2011 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Экономика» мамандығы  бойынша  тәмамдаған  және Азаматтық авиация академиясынын авиация техникасы және технологиясының магистрі дәрежесін алған.

2012-2019 жылдары Алмалы ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, осы бөлімнің басшысы болып қызмет атқарған.

2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

2022 жылдың мамырында Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы болып Ерден Рашидұлы Хайруллин тағайындалған.

Другие новости

Back to top button