Спорт

Париж Олимпиадасына жолдама ала алмаған ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясына жаңа президент келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл лауазымға Гаджи Гаджиев отырды.

«Жанат Түсіпбеков ұйым басшысы ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтағанын жариялап, өз орнына Гаджи Гаджиевтің кандидатурасын ұсынды», — делінген ҰОК хабарламасында.

Астанада өткен қорытынды конференцияға қатысушылар бұл шешімді бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, биыл жазда Парижде өткен Олимпиада ойындарына бірде бір қазақстандық ауыр атлет лицензия ала алмаған болатын.

Другие новости

Back to top button