Главное

Париж-2024: Назым Қызайбай ширек финалда бақ сынайды

Тәжірибелі боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де Алмейданы (Бразилия) айқын басымдықпен тізе бүктірд, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Төрешілер есебі: 5-0.

Енді ширек финалда Назым Түркия/Мексика өкілінің бірімен кездеседі.

Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы. Каролайн Барбоза — былтыр Панамерика ойындарының жеңімпазы.

Другие новости

Back to top button