Главное
Пара алған: былтырғы су тасқынынан кейін кімдер сот алдында жауап беретіні белгілі болды

Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Azattyq Rýhy тілшісіне былтыр болған жойқын су тасқынына байланысты 9 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Редакция Бас прокуратураға ресми сауал жолдап, осы істер туралы толығырақ мәлімет алуға тырысты.
Бас прокуратураның жауабына сүйенсек, сотқа 6 қылмыстық іс жіберілген.
«Оның 3-уі лауазымды адамдарға және сол көлемде кәсіпорын басшыларына қатысты. 3 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. Ақталмайтын негіздер бойынша 1 қылмыстық іс тоқтатылды. 2 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда», — деп мәлімдеді олар.
Осы аталған істер Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша қозғалған:
- 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу);
- 195-бабы (Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру);
- 254-бабы (Мiндеттерiне адал қарамау);
- 361-бабы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану);
- 366-бабы (Пара алу);
- 367-бабы (Пара беру);
- 370-бабы (Қызметтегi әрекетсiздiк);
- 371-бабы (Салғырттық).
Бас прокуратура су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған ақшаны жымқырды деген күдікпен ұсталған Перизат Қайраттың ісі бұл 9 қылмыстық іске қатысы жоқ екенін хабарлады.
ҚПК-нің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмеді.