Ozon Қазақстанда тапсырыс беру пункттерін ашу шарттарын жеңілдетті

Аймақтағы жетекші маркетплейстердің бірі Ozon Қазақстандағы тапсырыс беру пункттерінің (ТБП) иелері болып табылатын серіктестер үшін жаңартылған шарттарын жариялады. Жаңа қолдау шаралары жаңа нүктелерді ашу процесін айтарлықтай жеңілдетіп, олардың кірістілігін арттырады.
Ozon Қазақстандағы тапсырыс беру пункттерінің (ТБП) иелері үшін шарттарды едәуір жақсартты және бұл бизнесті серіктестер үшін тартымды етеді. Енді ірі қалаларда кәсіпкерлер ауданы 20 шаршы метрден басталатын үй-жайда ТБП аша алады, бұл қолайлы үй-жай табуды жеңілдету мақсатында жасалып отырған шара.
Пунктті іске қосу тек техникалық мәселеге айналуы үшін 30 елді мекенде жаңа орындар қосты — қазір картада Алматы, Астана және басқа да көптеген қалалар мен ауылдарда ТБП ашу үшін 1200-ге жуық орын көрсетілген. Ozon-ның қаржылық қолдауы да өсті. Алғашқы алты айда бизнес бастаудағы ең жоғары кепілдендірілген табыс 1 200 000 рубльге немесе алғашқы жарты жылдықта ТБП дамуына шамамен 6,8 миллион теңгеге көбейді. Бұл бұрынғы шарттармен салыстырғанда айтарлықтай жақсару және кәсіпкерлерге бастапқы жұмыс кезеңінде тұрақты дамуға көмектеседі.
Сонымен қатар, Ozon қорғау аймақтарының бағдарламасын кеңейтті, оған сәйкес ірі қалаларда бұрыннан бар нүктелердің қасына жаңа нүктелер ашуға тыйым салынады. Мәселен, компанияда белсенді пункттерден 6 минуттық жаяу жүрісті, яғни жол өткелдері мен аудандардың ерекшеліктерін ескере отырып, шамамен 500 метр жерге дейін жаңа пункттер ашуға шектеу қойылды, осылайша нүктелер өзгелермен бәсекелессіз пайдаға тұрақты түрде шыға алады.
Сондай-ақ, Ozon ТБП жұмысын басқа бизнеспен біріктіруге, яғни бұрыннан бар бизнес негізінде (мысалы, дүкендер желісі) жаңа нүктелер ашуға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады.
«Біз жаңа нүктелерді ашуға деген қызығушылықтың артқанын көріп отырмыз. 2025 жылы Ozon өткен жылдың басымен салыстырғанда жеткізу мерзімін жақсартып, тауарды орташа есеппен үш күнде жеткізіп отыр, және киім, аяқ киім мен аксессуарлар үшін кейінгі төлем қызметін іске қосты. Бұл тапсырыстарды беру пункттерінің өсіп келе жатқан айналымына ықпал ететін болады: өткен жылы Қазақстанда бір ТБП-ның орташа айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан. Әрине, тапсырыс көлемі өсуінің жаңа факторларын ескере отырып, жаңа нүктелердің ашылуына барынша қолайлы жағдай жасау маңызды болды«, — деді ТМД-дағы соңғы миль даму басшысы Дмитрий Афросин.
Естеріңізге салсақ, Ozon Қазақстан айналымы 2024 жылы алдыңғы ж/ж салыстырғанда 3 еседен астам өсім көрсетті; сатып алушылар саны ж/ж 2 есеге артты; тапсырыстар саны ж/ж 3 еседен аса көбейді. Мұндай нәтижеге клиенттерге ыңғайлы болу үшін тапсырыс беру пункттері желісін дамыту есебінен қол жеткізілді.
—
Ozon — дамыған логистикалық желісі бар көпсанатты маркетплейс. Компания Қазақстанда, Армения, Беларуссия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, сондай-ақ Қытай мен Түркияда бизнес жүргізеді. Сайтта кітаптар мен киімдерден бастап азық-түлік пен денсаулық сақтау тауарларына дейінгі 20-дан астам санаттағы 370 миллионнан астам тауар атауы бар. 56,5 миллион белсенді сатып алушы қазірдің өзінде Ozon-ның дамыған логистикалық инфрақұрылымының көмегімен тапсырыстарын алып отыр, бұл сондай-ақ 600 мыңнан аса кәсіпкерге өз тауарларын Ресей мен ТМД елдерінде сатуға мүмкіндік беруде.