Ozon Қазақстан зерттеуі: әрбір екінші қазақстандық сыйлықтарды онлайн түрде сатып алады

Ozon Қазақстан жүргізген зерттеуге сәйкес қазақстандықтардың күнделікті және мереке қарсаңындағы саудалар үшін онлайн-шопингті жиі таңдайтыны анықталды. Сауалнама деректері бойынша қатысушылардың 50%-дан астамы сыйлықтарды интернет арқылы сатып алуды жөн көреді. Мұны офлайн-дүкендердегі дәстүрлі саудаға қарағанда онлайн-шопингтің ыңғайлы әрі тиімді екендігімен байланыстыруға болады.
Шопинг әдет ретінде: қазақстандықтар онлайн-сауданы себепсіз жасайды, алайда ақшаны ақылмен жұмсайды
Онлайн-шопинг қазақстандықтар өмірінің ажырамас бөлігіне айналуда: зерттеу көрсеткендей, қазақстандықтардың үштен бір бөлігі (31,3%) онлайн-шопингті күнделікті өмірдің бір бөлігі ретінде қабылдайды және маркетплейстерден еш себепсіз сауда жасайды. Маркетплейстерді таңдаудың негізгі себептері ретінде кең ассортимент (49%), тартымды бағалар (40%) және қажетті өнімді әрдайым табу мүмкіндігі (36%) тұр. Сұраныстың өсуін Ozon.kz статистикасы да растайды: 2024 жылы бір пайдаланушыға келетін тапсырыс жиілігі 2023 жылмен салыстырғанда 56%-ға өсті. Бұл динамика маркетплейстердің Қазақстандағы позициясының нығайып, сауда жасайтын әдеттегі арнаға айналатынын айқын көрсетеді.
Қазақстандықтар онлайн-шопингті тиімді пайдаланады: сауалнама нәтижелеріне сәйкес, сатып алушылардың көпшілігі (43,9%) тауарларды таңдау кезінде әртүрлі алаңдардағы ұсыныстарды салыстыра отырып, сапа мен баға арақатынасын басшылыққа алады. Респонденттердің үштен бірі (32,3%) «Таңдаулыларға» немесе «Себетке» қосылған тауарларға жеңілдіктер болуын қадағалап отыратынын растады. Сондай-ақ әрбір үшінші (30,9%) қазақстандық сауданы ақша (жалақы, сыйақы және т.б.) түскенге дейін кейінге қалдырады. Респонденттердің сондай бөлігі (шамамен 30,5%) сауда жасамас бұрын тауарды сатып алу қажеттілігін бағалап, өзіне «ойлануға уақыт» береді. Ең аз танымалы (14,9%) «көрдім — сатып алдым» эмоционалды сценарийі болды, бұл қазақстандықтардың шопингке деген саналы әрі ұтымды көзқарасын дәлелдейді.
Мереке қарсаңында онлайн-шопинг танымалдылығының өсуі
Қазақстандықтар мерекелерге дайындық кезінде маркетплейстерді жиірек таңдайды. Зерттеуге сәйкес, респонденттердің 54,8%-ы мерекелік сыйлықтар мен тауарларға интернет арқылы тапсырыс беруді таңдаса, 39,4%-ы ғана дәстүрлі дүкендерді таңдайды. Бұл үрдіс түрлі тауар санаттарында байқалады. Мәселен, косметика мен парфюмерия сатып алу үшін респонденттердің 49%-ы, үй тауарлары үшін — 46,5%, балаларға арналған тауарлар үшін — 42,1%, ал аксессуарлар мен хобби және шығармашылық тауарлары үшін — 48,1%-ы онлайн-шопингті таңдайды. Бұл ретте әрбір үшінші қазақстандық (33%) маркетплейсте бір тапсырысқа 10 000-нан 30 000 теңгеге дейін ақша жұмсайды.
Әрине, мерекелер маркетплейстердегі сауданы арттыруда маңызды рөл атқарады. Қазақстандықтар сыйлықтарды белсенді сатып алатын ең танымал себептердің ішінде Туған күн (39,5%), Жаңа жыл (34,4%) және Халықаралық әйелдер күні (25%) ерекшеленеді. Бұл тенденциялар маркетплейстердегі сұраныс динамикасымен де расталады. Мысалы, Жаңа жыл қарсаңында Ozon.kz тапсырыстар саны шамамен 70%-ға өсті.
Бұдан бөлек, маркетплейстерде әрбір алтыншы қазақстандық демалыс (16,7%) немесе оқу жылының басталуы (16,4%) алдында тауарларға тапсырыс береді. Сатып алушылардың тағы 15%-ы мерейтой немесе естелік даталарға арнап онлайн сауда жасайды. Шамамен әрбір оныншы адам үйлену алдында (11,3%), сондай-ақ Наурыз қарсаңында (10%) онлайн-шопингке жүгінеді. Батыс дәстүрлері (Әулие Валентин күні — 5,8%, Хэллоуин — 5,4%) әзірге республика тұрғындары арасында онлайн-сауда жасаудың негізгі себептеріне жатқызылмады.
Қазақстандықтар Ozon.kz-те Наурызға қалай дайындалды
Ozon Қазақстан көктемнің басты мерекесі қарсаңында қазақстандықтардың жасаған саудаларын талдап, негізгі мерекелік санаттарда сұраныстың айтарлықтай өскенін анықтады. Мәселен, ақпан айының соңы мен наурыз айының соңы аралығында республика тұрғындары көбіне Ozon.kz-тен Наурыз кезінде мерекелік дастарханды безендіретін жарық пен жаңарудың дәстүрлі символы болып табылатын шамдарға тапсырыс берген. Мереке қарсаңында бұл өнімге сұраныс 2 еседен аса өскен (+110%). Ыдыс-аяқ та сұранысқа ие болды — шыныаяқтар мен шай ыдыстарына деген сұраныс 20%-ға, табақтарға 54%-ға өскен.
Сыйлық ретінде қазақстандықтар көбінесе дене күтіміне (+79%), бетке арналған (+50%) косметика жиынтығына, сондай-ақ парфюмерияға (+47%) тапсырыс берген. Сонымен қатар, 2025 жылы «Сұлулық және денсаулық» санатындағы Наурыз алдындағы орташа чек 2 есеге жуық өскен.
Дастарханға арналған дәстүрлі тағамдар да танымал сауда тізімінде болды: соңғы айда маркетплейсте тосапқа (+33%), пісіру декорына (+28%), балға (+22%) және жапырақты шайға (+20%) сұраныс күрт өсті.
Зерттеу 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларында URTG Group Group-пен бірге жүргізілді. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 2000 респондентке сауалнама жүргізілді.
—
Ozon Қазақстан — штаб-пәтері Алматыда орналасқан көп санатты маркетплейс. Компания 2021 жылдан бастап елде өзінің логистикалық инфрақұрылымын дамытып келеді. Бүгінде компанияның логистикалық қуаттылығы республикада 2 фулфилмент-орталықты, Алматы мен Астана қалаларындағы 2 сұрыптау орталығын, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент қалаларындағы 4 сұрыптау орталығын қамтиды. 2024 жылы Ozon Қазақстан айналымы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.