Бизнес

Ozon Қазақстан зерттеуі: әрбір екінші ата-ана өз баласына мектеп құралдарын сатып алу үшін артық төлеуге дайын

Ата-аналардың жартысынан астамы (54,6%) — Ozon Қазақстан сатып алушылары — баласы қалаған мектеп құралдары үшін артық төлеуге дайын, бірақ бұл көрсетілген құнның 30%-ымен шектеледі. Аталған деректерді 2025 жылдың тамыз айының соңында жүргізілген платформа пайдаланушылары арасындағы сауалнама көрсетті. Бала эмоциясына инвестиция салуға дайын болу жаңа трендке айналуда: жас ата-аналардың 13,5%-ы (35 жасқа дейінгі) зат оқушы үшін шынымен маңызды болған жағдайда жартысынан көбін артық төлеуге келісіп отыр.

Ата-аналар артық төлеуге дайын — бірақ саналы шектеулер аясында

Зерттеу көрсеткендей, сауалнама жүргізілген ата-аналардың арасында жартысынан көбі осындай стратегияны ұстанады, яғни: «Біз баланың қалауын ескеруге дайынбыз, бірақ саналы, бақыланатын шектеулер аясында». Бұл импульсивті сатып алу емес, жан-жақты бағаланып қабылданған шешім. Сондай-ақ әрбір оныншы ата-ана (11%) ғана әрі қарай 50%-дан астам артық төлеуге дайын.

Бір қызығы, сауалнамаға қатысқандар арасында 35 жасқа дейінгі жас ата-аналар қаражат жұмсауға таңдаулы көзқарас танытады. Бір жағынан, олар басқаларға қарағанда стандартты саудада үнемдейді: тек 48,6%-ы қалаған өнім үшін 30% артық төлеуге дайын (басқа жас топтарындағы 59%-ға қарағанда), бұл шектеулі бюджетпен түсіндіріледі. Екінші жағынан, дәл солар өз баласы үшін айтарлықтай шығындарды төлеуге бейім: 13,5%-ы ерекше мәнге ие зат үшін 50% артық төлеуге дайын. Бұл эмоционалды көзқарасты және барлық басқа заттардан үнемдей отырып, расымен маңызды нәрседе «балаға ең жақсысын беруге» ұмтылу ниетін көрсетеді. Мәселен, сауалнамаға қатысушылардың бірі баласына қымбат былғарымен қапталған күнделікті мектеп оқушысы шынымен де осындай нәрсені қалағандықтан сатып алғанын мойындады.

Көз жассыз сауда: маркетплейстер ата-аналардың жүйкелері мен бюджетін қалай үнемдейді

Өз бюджетін импульсивті шығындардан (ата-аналардың 18%-ының айтуы бойынша) және балалардың дүкендегі көз жасынан (сәйкесінше 13%-ы) жүйкелерін қорғау үшін, қазақстандық ата-аналар мектепке барар кезде онлайн сауданы жиірек жасайды. Сол себепті сауалнамаға қатысқан Ozon Қазақстан сатып алушыларының 81%-ы оқу жылындағы саудалары үшін маркетплейстерге толық немесе ішінара ауысқан, тек 17%-ы ғана офлайн форматты ұстануды жалғастырған. Интернет-суданың басты артықшылықтарының қатарында ата-аналар уақыт үнемдеуді (58%), өнімдердің кең ассортиментін (55%) және ең жақсы бағаны табу мүмкіндігін (49%) атап өтеді.

Ең басты кеңес беруші кім: баланың пікірі және блогерлердің әсері

Бірлесіп шешім қабылдау отбасылық сауда үшін қалыпты жағдайға айналды: сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 81%-ы мектеп құралдарын таңдағанда баласының пікірімен санасатынын мойындады – кейбірі барлығын бірге таңдайды, басқалары баланың қалауын тікелей орындайды.

Жаңа оқу жылына арналған өнімдерді таңдауда сыртқы түрі — барлық жастағы мектеп оқушылары (69%) үшін басты критерий болып табылады. Бірақ тоғыз жасқа толмаған баланың сөмкесінде мультфильм кейіпкерінің суреті (67%) және ең жақын досымен бірдей рюкзак (52%) болуы керек болса,  жасөспірім ең алдымен функционалдылықты (58%) іздейді. 9 жасқа дейінгі әрбір үшінші бала сүйікті блогерлерінің (36%) өнімін сатып алуға бейім екендігін бөлек атап өткен жөн, бұл осы аудиторияның тұтынушылық әдеттеріне цифрлық орта ықпалының артып келе жатқандығының көрсеткіші.

Қазір мектеп оқушысының сөмкесінде не бар? Оқулықтармен қатар — гаджеттер

Бір қызығы, гаджеттер сатып алу мектепке қажет міндетті шығындар тізіміне мықтап енген. Зерттеуге сәйкес, сауалнамаға қатысқан ата-аналардың абсолютті көпшілігі мектеп формасын (76%), кеңсе тауарларын (71%) және рюкзактарды (68%) маркетплейстерден сатып алады. Дегенмен, техника рөлі барған сайын байқалады: әрбір үшінші респондент (41%) оқуға арналған құрылғыларды себетке қосады. Смартфондарға деген қызығушылықтың өсуі ерекше назар аудартады – сауалнаманың әрбір төртінші қатысушысы (25%) мектепке арнайы құрылғы сатып алады, ал 10 жағдайдың 7-інде бұл баланың бірінші телефоны емес.

Сонымен қатар, қағаздан жасалған классикалық оқулықтар өткен шақта қалмауда: сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 40%-ы оларды үнемі маркетплейстен сатып алады. Дегенмен, білім берудегі цифрландыруға деген көзқарасының екі ұшы бар: респонденттердің үштен бір бөлігі (31%) мектепте гаджеттерді қолдануға алаңдаушылық білдіріп, алаңдататын нәрселерден қорқады, ал әрбір төртіншісі (26%) балаларына білім беру процесіндегі маңызды құрал деп санай отырып, білім беру мақсатында құрылғыларды саналы түрде сатып алады.

Зерттеу 2025 жылдың тамыз айының екінші жартысында жүргізілді. Зерттеуге 200-ден астам Ozon Қазақстан сатып алушылары қатысты. Таңдау жалпы Қазақстан халқы үшін репрезентативті емес және маркетплейсті пайдаланушылардың белгілі бір тобының пікірлері мен мінез-құлқын көрсетеді.

Ozon Қазақстан — штаб-пәтері Алматыда орналасқан көп санатты маркетплейс. 2021 жылдан бастап компания Қазақстандағы инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салады және республикадағы интернет-сауда саласындағы әлеуметтік маңызы бар компаниялар бестігіне кіреді. Ozon.kz-те кітаптар мен киімдерден бастап азық-түлік пен тұрмыстық техникаға дейінгі жылдам әрі тегін жеткізілетін 370 миллионнан астам тауар атаулары. Маркетплейс бизнесін 80 мыңнан астам жергілікті сатушы дамытып отыр, ал белсенді сатып алушылар саны 700 мың қазақстандықтан асты. Компания республикада тоғыз логистикалық орталықты басқарады, сонымен қатар елдегі тапсырыс беру пункттерінің ең үлкен желісін дамытуда.

 

Другие новости

Back to top button