Бизнес

Ozon Қазақстан Өскемен қаласында сұрыптау орталығын іске қосты

 Ozon Қазақстан еліміздің шығысында логистикалық инфрақұрылымын кеңейтуде: компания Өскеменде сұрыптау орталығын ашты. Жаңа нысан Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының сатып алушылары үшін тапсырыстарды жеткізуді едәуір жеделдетіп, жергілікті сатушыларға өз тауарларын тезірек жөнелтуге мүмкіндік береді.

Жаңа сұрыптау орталығы тәулігіне 10 000 тапсырысты өңдей алады — бұл ай сайын 300 000-нан астам тапсырыс. Бұл дегеніміз, аймақ тұрғындары өз тапсырыстарын орта есеппен 2 күнге тезірек ала алады, ал жергілікті кәсіпкерлер тұтынушыларға тауарларды бүкіл ел бойынша тезірек жібере алады. Нысан тауарларды қабылдап, тапсырыстарды қалыптастырады, оларды жеткізеді, сондай-ақ қайтарымдармен жұмыс істейді.

«Біз тауар мен сатып алушы арасындағы қашықтықты қысқарту үшін республика бойынша логистикалық инфрақұрылым кеңейтуді жалғастырамыз. Өскеменде сұрыптау орталығын іске қосу — бұл маркетплейс қызметтеріне өсіп келе жатқан сұранысқа берген жауабымыз. Аталған шешім жергілікті бизнеске айналымды арттыруға, ал Шығыс Қазақстан тұрғындарына өз тауарларын тезірек алуға көмектеседі», — деп түсіндірді Ozon Қазақстан Бас директоры Алексей Сапон.»

Ozon Қазақстан елімізде 2021 жылдан бастап өзінің логистикалық инфрақұрылымын дамытып келеді. Бұған дейін компанияның республикадағы логистикалық қуаттылығы Алматыдағы ең ірі қойма кешені мен сұрыптау орталығын, Астанадағы фулфилмент-орталық пен сұрыптау орталығын, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент қалаларындағы 4 сұрыптау орталығын қамтыған болатын.

Ozon Қазақстан — штаб-пәтері Алматыда орналасқан көп санатты маркетплейс. Компания 2021 жылдан бастап Қазақстанда өзінің логистикалық инфрақұрылымын дамытып келеді және республикадағы интернет-сауда саласындағы әлеуметтік маңызы бар компаниялардың бестігіне кіреді. Ozon.kz-те кітаптар мен киімдерден бастап азық-түлік пен тұрмыстық техникаға дейінгі жылдам әрі тегін жеткізілетін 370 миллионнан астам тауар атауы бар. Маркетплейс бизнесін 80 мыңнан астам жергілікті сатушы дамытып отыр, ал белсенді сатып алушылар саны 600 мың қазақстандықтан асып кетті. Компания республикада алты логистикалық орталықты басқарады, сонымен қатар тапсырыс беру пункттерінің желісін дамытуда.

 

 

Другие новости

Back to top button