Бизнес

Ozon Қазақстан айналымы 1,5 есеге өсті

Ozon Holdings PLC 2025 жылдың 2-тоқсаны бойынша аудиттелмеген қаржылық нәтижелерін жариялайды. Компания алғаш рет біржолғы табыстармен байланыссыз 2,2 млрд теңге таза табыс алды, ал түзетілген EBITDA 249 млрд теңге мөлшеріндегі рекордтық мәнге жетті.

2025 жылдың 2-тоқсанында Ozon түсімі 87%-ға өсіп, 1,45 трлн теңгені құрады. Қызметтерді қоса алғанда, 2025 жылдың екінші тоқсанындағы айналым (GMV) ж/ж 51%-ға, яғни 6,09 трлн теңгеге өсті. Маркетплейстің Қазақстандағы айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңінің қорытындысына қарағанда 1,5 есеге артты.

2-тоқсанның нәтижесі бойынша компанияның 60,5 миллион белсенді сатып алушысы бар, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 18%-ға көп. Қазақстандағы өсу қарқыны едәуір жылдам: бір жыл ішінде республикадағы белсенді сатып алушылар базасы 1,5 есеге өскен. Клиенттердің адалдығы да артуда: орташа алғанда, әрбір сатып алушы Ozon-нан жылына 30-дан астам тапсырыс береді — бұл бір жыл бұрынғыдан 6 тапсырысқа көп.

Нәтижесінде, 2025 жылдың 2 тоқсанында компания өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  үштен екі тапсырысқа көбірек жеткізген – 539,4 млн. Қазақстандағы тапсырыстар саны одан да жылдам өскен — ж/ж 2 есе.

Компания қойма алаңдарын үштен бірге, яғни 3,7 млн шаршы метрге дейін ұлғайтты. Қазақстан республикасындағы компанияның логистикалық қуаттылығын Алматы фулфилмент-орталығы мен сұрыптау орталығы, Астана фулфилмент-орталығы мен сұрыптау орталығы, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Өскемендегі бес сұрыптау орталығы қамтамасыз етіп отыр.

* Есептіліктің рубльдік көрсеткіштері 2025 жылдың 2-тоқсанындағы орташа бағам бойынша теңгеге аударылған.

Ozon —  логистикалық желісі дамыған көпсанатты маркетплейс. Компания Қазақстан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, сондай-ақ Қытай мен Түркияда бизнес жүргізеді. Алаңда кітаптар мен киімдерден бастап азық-түлік пен денсаулық сақтау тауарларына дейінгі 20-дан астам санаттағы 370 миллионнан астам тауар атауы бар. 60,5 миллион белсенді сатып алушы қазірдің өзінде Ozon-ның дамыған логистикалық инфрақұрылымының көмегімен тапсырыстарын алып отыр, бұл сондай-ақ 600 мыңнан аса кәсіпкерге өз тауарларын Ресей мен ТМД елдерінде сатуға мүмкіндік береді.

 

Другие новости

Back to top button