Ozon Қазақстан айналымы 1,5 есеге өсті

Ozon Holdings PLC 2025 жылдың 1-тоқсаны бойынша аудиттелмеген қаржылық нәтижелерін жариялады. Түзетілген EBITDA 176,9 млрд теңге мөлшеріндегі рекордтық тоқсандық мәнге жетті, ал шығын 40%-ға қысқарды.
2025 жылдың 1-тоқсанында түсім ж/ж 54%-ға, яғни 946,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Қызметтерді қоса алғанда, айналым (GMV) ж/ж 47%-ға — 4,6 трлн теңгеге дейін өсті. Ozon Қазақстан айналымы 2025 жылдың 1-тоқсанында 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49%-ға артты. Қазақстандағы Ozon белсенді сатушыларының саны бір жылда 42%-ға көбейді — бұл жалпы компания бойынша алғанда екі есе жылдам көрсеткіш.
Сатып алушыларға арналған сервистерді инвестициялау және қойма инфрақұрылымын кеңейту компанияға белсенді сатып алушылар базасын құруға көмектесті: 2025 жылдың 1-тоқсанында олардың саны 9 млн-ға көбейіп, 58 млн адамға жетті. Қазақстанда клиенттер саны одан да тез өсуде – жылма жыл 30%-ға артып отыр. Сатып алу жиілігі де өсуде: орташа есеппен әрбір сатып алушы Ozon-нан жылына 27-ден аса тапсырыс жасайды — бұл бір жыл бұрынғыдан 5 тапсырысқа көбірек. Нәтижесінде, 2025 жылдың алғашқы үш айында компания клиенттеріне 441 миллион тапсырысты жеткізді (ж/ж +44%). Қазақстандағы тапсырыстар саны да қарқынды өсіп жатыр — жылма жыл салыстырғанда 1,5 есеге жуық көрсеткіш.
Компания қойма алаңдарын 3,6 миллион шаршы метрге дейін ұлғайтты. Қазақстанда компанияның логистикалық қуаттылығын 8 логистикалық кешен қамтамасыз етіп отыр: Алматы мен Астанадағы фулфилмент-орталықтары, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент сұрыптау орталықтары. Сонымен қатар компания тапсырыс беру пункттерінің желісін белсенді дамытуда.
* Есептіліктің рубльдік көрсеткіштері 2025 жылдың 1-тоқсанындағы орташа бағам бойынша теңгеге аударылған.
—
Ozon — дамыған логистикалық желісі бар көпсанатты маркетплейс. Компания Қазақстан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, сондай-ақ Қытай мен Түркияда бизнес жүргізеді. Сайтта кітаптар мен киімдерден бастап азық-түлік пен денсаулық сақтау тауарларына дейінгі 20-дан астам санаттағы 370 миллионнан астам тауар атауы бар. 58 миллион белсенді сатып алушы қазірдің өзінде Ozon-ның дамыған логистикалық инфрақұрылымының көмегімен тапсырыстарын алып отыр, бұл сондай-ақ 600 мыңнан аса кәсіпкерге өз тауарларын Ресей мен ТМД елдерінде сатуға мүмкіндік береді.