Актюбинская областьВыбор редакции

«Өзінен ересектер ұрып өлтірді»: Ақтөбе облысында көз жұмған оқушының ата-анасы әділдік сұрайды

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының жұмбақ өліміне қатысты ата-анасы жан-жақты тексеру жүргізуді талап етіп отыр. Қара жамылған отбасы балаларының әлімжеттіктен көз жұмғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТКарнасына сілтеме жасап.

 

Шалқар ауданындағы Айшуақ ауылында тұратын Руслан Жалмұратов «Ұлымды өзінен ересектер ұрып өлтірді» дейді.

Үш күн бұрын баласын жер қойнына тапсырған әке 14 жастағы Рүстемді 11-ші сыныптың оқушылары тепкіледі деп отыр. Ауыр соққыдан бала сол жерде қаза тапқан.

Есінен танып, бірден демі үзілген оқушыны сол жердегілер медбикенің үйіне жеткізіпті. Алайда тәртіп сақшылары марқұмның денесінде ұрып-соғу белгілері жоқ деп мәлімдеме жасады. Дегенмен сараптама тағайындалған. Ал ата-анасы марқұм ұлына әлімжеттік көрсеткен ауыл балалары жазаланса дейді.

“Менің баламды бар пәрменімен тепкен. Сол тепкен бойда тізерлеп отырып қалған, құлаған. Сол арада тіл тартпай кеткен, балам. Бетіне қар шашқан, қасындағы балалары. Болмаған соң, сол көшедегі медбикенің үйіне көтеріп апарған. Осыған байланысты қасақана өлтірген балама қатысты іс-шара қолдануды сұраймын. Ешқандай, еш жерде есепте жоқ”, – дейді марқұмның әкесі Руслан Жалмұратов.

Другие новости

Back to top button