ГлавноеНур-Султан

Өзін адамзаттың асылы санайды — Айтбек Амангелді Бишімбаевтың қандай екенін ашық айтты

Айтбек Амангелді соттағы жарыссөзде қарындасының балалық шағы, Салтанаттың армандары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Салтанат бәрінен бұрын ана болуды армандайтын. Ол өз отбасымыздағы, құрбыларының отбасындағы балалардың қуанышын мерекелеуден тынбайтын. Балаларға сыйлық таратып, оларға көңіл бөлетін. Оның кіндік балалары әлі күнге дейін Салтанаттың телефонына хат жазады. Оның жоқ екенін білсе де, сенгілері келмейді», — деді Айтбек Амангелді.

Ол биыл ата-анасының 60 жасқа толуына орай Салтанат екеуі оларға қандай сыйлық жасайтынын да жоспарлап қойғандарын айтты.

Сонымен бірге Айтбек Аманагелді әлеуметтік желілерге қарындасының аруағын қорлайтын қаңқу сөздердің көп тарағанын атады.

«Жалған материалдар жарияланды, әрбір жалған сөзді теріске шығарып, күресуімізге тура келді», — деді ол.

Ол Бишімбаевтың мінез-құлқы туралы айтып, өлім күнінің ол үшін кәдімгі апта күнінен айырмашылығы болған жоқ дейді.

«9 қараша біз үшін адам жатүршігер қатігездік болған күн, ал Бишімбаев үшін әдеттегі бейсенбі. Ол өзін адамзаттың асылы санайды, басқалар оған қызмет қылу керек деп ойлайды. Сондықтан оның көзінен шыққан бір түйір жасты, өкінішті, аяушылықты көрмей отырмыз», — деді Айтбек Амангелді.

Ол Бишімбаевтың Нүкенованы қаралап, өзін ағартып шығару үшін барын салып отырғанын айтты.

Другие новости

Back to top button