Главное

«Өзім ғана кіре алатын қойма бар»: Қарақат Әбілдина жаңа үйіне рум тур жасады

Танымал әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қарақат Әбілдина жаңа үйіне көшіп, рум тур жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Өнер иесінің айтуынша, бұл жаңа жылдағы алғашқы бас қосуы екен.

“Жылы жүздесу. Стористан көріп отырғандарыңыздай, кеше үйде қыздар болып бас қостық. Қонақ күттім. “Сіздермен бірге отырғандай болдық” деп жазған хат көп. Иә, интернеттің дамыған заманында барлығы виртуал болып кетті ғой өзі. Бетпе-бет жүздесіп, кездесудің орнын ешнәрсе баса алмайтыны рас. Әйел әйелден энергия алады деген дұрыс, бір-бірімізден күш, шабыт алып, қайраттанып қалдық. Анамның салған ақ жолын жалғап, оттан қазан, дастарқаннан ас, шаңырақтан қонақ үзілмейтін үйміз”, – дейді әнші.

 Скриншот: https://www.instagram.com/aigulmukei/
Сондай-ақ, өнерлі жұп жаңа қонысын қонақтарға аралатты.

“Ең керемет бөлме – өзімдікі. Қойма секілді тағы бір бөлмем бар. Кілті үнемі өзімде жүреді. Қымбат сахналық бас киімдерім мен бір шкаф толы әшекей бұйымдарымды қоямын. Өте көп сахналық киімдерім бар. Сатуға да болады. Одан кейін қазақы бөлмеміз бар. Текемет пен сырмақ төседік. Олардың аяққа массажы өте пайдалы әрі жылы. Әр қабырғасынан қазақтың иісі аңқып тұруына мән бердік. Келген адамның көзі бірден осы бөлмеге түседі. Ұлдар мен қыздардың бөлмесі бөлек. Қыдыкеңнің демалатын бөлмесі де бар. Кішігірім спорт залы секілді. Балаларға арналған ойын алаңы да бар. Фото-сурет те өте көп. Тойға деп дайындаймыз да, кейін қалады. Оны ілетін де уақыт жоқ”, – дейді әнші.

Жұлдызды жұптың шаңырағынан зәулім аспалы шам мен биік баспалдақты көруге болады.

   Скриншот: https://www.instagram.com/aigulmukei/

Сонымен қатар әнші қонақтарының әкелген сыйлығын да жария етті. Айтуынша, ерекше сыйлықты тарту еткен тележүргізуші Мая Бекбаева көрінеді.

«Менің ойымша, бұл – құнды сыйлық. 1562 жылы салынған карта. Саяхатшы Карл Дженкинс картасы. Мұнда “Казакия” деп жазылған. Бұл картаны біздің зерттеуші Мұхит-Ардагер Сыдықназаров тапты», – деп анықтама берді сыйлық иесі.

 скриншот: https://www.instagram.com/arapbayevamarzhan/

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі керемет деп жатса, енді бірі мақтаншақ деп сынап жатыр. “Ешқандай өнеге , бір адамға пайдалы зат, ілім көріп тұрған жоқпын. Баяғы мақтаншақтық”, “Осы-ақ жаңа үйге кіре береді екен. Боқшасын сүйретіп көшуден қалай шаршамайды” деген пікір жазып жатыр.

Другие новости

Back to top button