Костанайская область

Өз-өзіне қол салған: Қостанай облысында саңырауқұлақ терушілер қыздың денесін тапқан

Қостанай облысында саңырауқұлақ терушілер жолда қыздың мәйітін тапқан. Бейнежазба желілерде таралуда. Бұл туралы  Alau.kz  хабарлайды. 

 

Оқиғаеы Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі растады.

«Кездейсоқ байқап қалдық. Міне, көлігі. Алдыңғы орындықта балалар креслосы бар», – дейді бейнежазба авторы.

27 тамызда сағат 17:00-де Архиповка ауылынан 5 км қашықтықта саңырауқұлақ терушілер өз-өзіне қол салған қыздың денесін тапты.

Қазіргі уақытта полиция осы факт бойынша ҚК 105-бабы «Суицидке дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тергеу әрекеттері жүргізіледі, сараптама тағайындалады.

Другие новости

Back to top button