ГлавноеГосорганы

«Оттайтындар мен боқтайтындар көбейіп кетті»: Депутат Назаров қазақтарға тіл тигізген түркістандық азаматты жазалауды талап етті

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров әлеуметтік желі арқылы қазақтарды балағаттаған түркістандық жігітті жауапқа тартуды талап етті. Сондай-ақ әлеуметтік желіде қазақ елін балағаттағандарды жауапқа тартуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутаттың сөзінше, қазір әлеуметтік желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейіп кеткен.

“Кеше Түркістан облысының Сайрам ауданы азаматы бүкіл қазақ еліне, тіпті керек болса Президентімізге тіл тигізді. Бұл азаматтың қазір шетелде жүр. Біз бейбітшілікті сақтап отырған елміз. Біздің елімізде тұрып жатқан азаматтар қазақ халқын басынбауы керек. Біз момын халық емеспіз. Біз байсалды халықпыз. Сондықтан мына азамат қазір шетелде екен. Оның ата-анасы кеше әлеуметтік желіде кешірім сұрады. Бұлай істеуге болмайды. Ертең ол азамат елге кезген кезде, оны 30 күн қоғамдық жұмысқа жегу керек,  керек болса оны бірнеше күнге бас бостандығынан айыру керек. Өйткені бұл басқаларға сабақ болуы керек”, – деді ол.

Еске салайық, таяуда түркістандық азамат әлеуметтік желіде аузына келгенін айтып, қазақтарды балағаттаған видеосы тараған еді.

Кейін дәл сол азаматтың кешірім сұраған видеосы тарады.

«Барлықтарыңнан кешірім сұраймын. Мен Қазақстан азаматымын. Қазақстанда ешқашан біреумен біреу ұрсысып, келіспеушілік болған емес. Қаншама достарым, таныстарым, полчандарым бар. Просто байқаусызда сол, кішкене келіспеушіліктер болып қалды. Шынымды айтсам, менің ойымда ондай жоқ», – деді түркістандық азамат.

Осы жағдайдан кейін Түркістан облыстық полиция департаменті әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіп, аузына келген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғады.

 

Другие новости

Back to top button