Главное

Өткен жыл жиналып қалған біраз мәселенің бетін ашты – Роман Скляр

 Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр энергетика саласына қатысты бірқатар проблеманы ведомство алдында көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Отын-энергетика кешені ел экономикасында үлкен рөл атқарады. Бүгінде оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі — 22%. Бюджет кірісінің 40%-ы және инвестицияның 30%-ы осы отын-энергетика саласы қамтамасыз етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аталған саланың негізгі көрсеткіштері жаман емес. Мұнай — 1,6% және газ — 3,1%, ал мұнай өнімдері — 3,2% және электр энергиясы өндірісі 3,4%-ды құрады.

Өткен жыл көптен бері жиналып қалған біраз мәселенің бетін ашты. Айтар болсақ, дизель тапшылығы. Сонымен қатар газбен қамтамасыз етудегі қиыншылықтар болды. Электр қуатының жетпей қалуы, жылу беру объектілеріндегі апаттар. Осының бәрі сала бойынша өте ауқымды проблемалардың барын көрсетті. Аталған проблемаларды жедел шешу қажет», — деді Роман Скляр Энергетика министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, энергетика саласы алдында ауқымды міндеттер тұр.

«Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша 2023 жыл өткен жылға қарағанда күрделі болуы мүмкін. Сондықтан ішкі нарықты қажетті шикізат қоры және энергоресурстармен үзбей қамтамасыз ету — Үкіметтің басты міндеттерінің бірі», — дейді ол.

Другие новости

Back to top button