Кызылординская область

«Өте ұят болды»: Түркияда трансвеститтер клубында демалған қызылордалық мұғалімдер жұмыстан қуылды

Шетелде демалып жүрген мұғалімдер трансвеститтер клубында көңіл көтерген

Қысқы демалыста Түркияға демалуға барған қызылордалық мұғалімдердің басы дауға қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy zhasalash.kz-ке сілтеме жасап.

Мұғалімдердің бұл әрекетін ата-аналар әлеуметтік желі арқылы көріп, ұстаздардың мектептен кетуін талап етіпті. Бейәдеп қылық көрсеткен Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері болып шықты.

«Екеуі де ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, жас мамандар. Біреуінің «магистр» атағы да бар. Ұстаздардың әрекетін педагогикалық кеңесте талқыладық, жиналысқа әдейілеп тек әйел мұғалімдерді қатыстыруды жөн көрдім. Жиналыстан кейін ұстаздар өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыздарын жазды. Ол кісілер тек ұстаз ғана емес, сонымен қатар әйел кісілер, бала тәрбиелеп отырған ана. Әріптестеріміздің мұндай әрекетке барғандары өте ұят болды», — деді мектеп директоры Гүлжахан Нарбаева

Другие новости

Back to top button