Культура

«Өте қатал болды»: Жазира Байырбекова енесімен қарым-қатынасын айтып берді

Танымал әнші Жазира Байырбекова келін болып түскен кезін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында қонақ болып, отбасылық өмірінен сыр шертті.

“Біз үйленгенде енем жастау болды. Келіндік қызметімді жасадым. Бірнеше жыл бұрын отағасынан айырылып, бала-шағаның бар жауапкершілігін бір өзі мойнына алған. Ал мен сол кездің өзінде сахнада жүрген жан болдым. Ол кісі мені өзін жұлдыз санап, дандайсып кетпесін деген оймен маған қатал болған шығар деп ойлаймын. Енем өмір бойы әкімдікте пол жуса да, айналасына өте сыйлы адам. Ешкім бетіне келіп сөйлей алмайды. Қазір қартайды, немерелерінің сүйікті әжесі болып отыр. Ол кісінің мықтылығына қызыға қараймын. Енемдей болғым келеді», – деді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі өзінің ене болатын күнін күтіп жүргенін жасырмады.

“Бірнеше уақыт бұрын психологқа бардым. Баламның үйленбей жүргені бізге байланысты емес пе?!” деп сұрадым. “Мүмкін бейсаналы түрде біз дайын емес шығармыз. Танымал әншілер болғанымызбен, құда-құдағимен қарым-қатынас құра алмайтын шығармыз” деп ойладым. “Міне, дайындықты бастап кеткен адамның сөзі деді. Көп аналардың дайын болмайтынын айтты. Баламыз келіншегін жоғары қойып, бізді тасада қалдырып кетсе, қызғанып қалуым мүмкін. Бірақ ене боламын дегенде, көз алдыма жылы дүниелер елестейді”, – деп жауап қатты эстрада жұлдызы.

Еске салайық, Жазира жары Жанболатпен кездескен сәтін есіне алған еді.

Другие новости

Back to top button