Госорганы
Ота жасалған кеншілердің жағдайы мәлім болды

4 қарашада Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы Шахтинскідегі шахтада болған апаттан зардап шеккен кеншілердің жағдайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
3 қарашада Шахтинскіде төтенше жағдайдан зардап шеккен екі адамды дәрігерлер отаға әзірлеп жатқаны
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ашық бас сүйек-ми жарақатын алған екі адамға ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы тұрақты.
3 қарашада Қарағанды облысындағы шахтада газ шықты. Апат кезінде 106 адам жер астында болған. 101 эвакуацияланды. Бес адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды.
Оқи отырыңыз