Восточно-Казахстанская область

Өскемен тұрғыны газет дүңгіршегінде тыйым салынған діни кітаптар сатып келген

Оған 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды

ШҚО ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Өскемендегі газет дүкендерінің бірінен Қазақстанда тыйым салынған діни әдебиеттер мен бұйымдарды сатып келгенді тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Құқықбұзушылық жасағаны үшін 50 жастағы қала тұрғыны сотталып, құқық қорғау органдары оның 12 кітабын тәркіледі.

«27 қыркүйекте Өскемен қаласының әкімшілік сотының қаулысымен жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсатынсыз белгіленбеген жерде діни әдебиеттер мен бұйымдарды сатқан тұрғынға 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», — делінген облыстық ПД хабарламасында.

Еске салайық, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте діни кітаптарды заңсыз сатқаны үшін жеке тұлғаларға – 50 АЕК және заңды тұлғаларға – 200 АЕК айыппұл қарастырылған.

 

Другие новости

Back to top button