ГлавноеГосорганы

ОСК референдум өткізуден артылған 1,6 млрд теңгені бюджетке қайтарды

Республикалық референдум өткізуге 16,5 млрд теңге бөлінген болатын

ҚР Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізуге бөлінген қаржыдан артылған 1,6 млрд теңгені республикалық бюджетке қайтарып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумды өткізуге бөлінген 16,5 млрд теңгеден 1,6 млрд теңгені республикалық бюджетке қайтарды», — делінген ОСК хабарламасында.

Белгілі болғандай, қаражат мемлекеттік сатып алуларды оңтайландыру және сайлау комиссиялары мүшелерінің нақты жұмысқа шығу күндерінің есебінен үнемделген.

«Бүгінгі өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумды өткізуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 309 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» тиісті қаулы қабылданды», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button