Алматы

Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару: Астанада және Орталық Азия елдерінде екі ауқымды жоба басталуда

Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы (ОААЭО) тұрақты су пайдалану саласындағы екі ірі жобаға бастамашылық жасайды. Осы жобалар Орталық Азия елдерінің тиісті мемлекеттік органдарымен бірлесіп іске асырылатын болады. Бұл әлеуметтік маңызы бар және аса өзекті жобаларға «The Coca-Cola Foundation» халықаралық қайырымдылық қоры және «Глобальный Водный Вызов» коммерциялық емес ұйымы қолдау көрсетуде.

Жобалардың жалпы сомасы 600 мың доллардан асады. Орталық Азия елдеріндегі тікелей бенефициарлар саны 22000-нан, ал жанама алушылар саны 200 000-нан астам адам болады деп күтілуде..  

Орталық Азия елдеріндегі су ресурстарының өмірлік маңызы бар, оны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында атап өтіп, Орталық Азиядағы су тапшылығы трансшекаралық өзендер бассейндерінде елеулі экономикалық және басқа да сын-қатерлерді тудыратынына ерекше көңіл аударды.

Сондықтан казіргі кезде климаттың өзгеруі кезінде Орталық Азия елдеріндегі су ресурстарын тиімді басқару өте маңызды болып табылады.

«Қазақстандағы Есіл өзені бассейніндегі cуайрықтарды біріктірілген басқару» және «Суармалы су мен инфрақұрылымға қол жеткізу есебінен ОА ауылдық аудандарындағы әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі мен жағдайларын жақсарту» жобалары осы мәселелерді шешуге бағытталған.

Атап айтқанда, «Қазақстандағы Есіл өзені бассейніндегі cуайрықтарды біріктірілген басқару» жобасы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Есіл суайрықтарындағы өзен бассейндегі ауыл шаруашылық пенжайылымдық жерлердің жағдайын жақсартады. Осы облыстарда тұратын 12 000-нан астам адам ауыл шаруашылығында су ресурстарын басқарудың кешенді тәсілдемесін енгізуден тікелей пайда көріп, 53 000-нан астам адам жоба нәтижелерінің оң жанама әсерін сезінеді. Сонымен қатар Есіл өзені бассейнінің су ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі трансшекаралық диагностикалық талдау және стратегиялық іс-әрекет жоспары әзірленетін болады.

«Суармалы су мен инфрақұрылымға қол жеткізу есебінен ОА ауылдық аудандарындағы әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі мен жағдайларын жақсарту»аймақтық жобасы Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанды қамтиды. Климаттың өзгеруі тиімсіз және ескірген суару әдістерімен қатар суармалы су көлемінің азаюйына әкеледі, бұл ауыл шаруашылығының өнімділігіне және ауыл тұрғындарының, әсіресе әйелдердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына теріс әсер етеді. Бүгінгі таңда Орталық Азия аймағындағы ауыл шаруашылық жұмыстарының көп бөлігі үшін әйелдер жауап береді, өйткені ер азаматтардың көпшілігі жалдамалы жұмысшы ретінде басқа елдерге қоныс аударады. Бұл жағдай әсіресе Қырғызстан мен Тәжікстанда көп кездеседі.

Гидротехникалық инфрақұрылымның болмауы (сорғылар, су жинайтын қоймалар, суландыру құдықтары, кәріздік каналдар және дәстүрлі суару әдістері) әйел-фермерлеріне және әйелдер басқаратын фермер шаруашылықтарына өнімділікті және пайданы арттыруды қиындатады.

Біріншіден, жоба ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігіне нұқсан келтірмей, суарудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізу арқылы су тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. Екіншіден, негізінен Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы әйелдер басқаратын фермалар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары суармалау су тапшылығына тәуелділігін төмендетіп, өнімділікті арттырып, жалпы өңірдегі ауыл шаруашылығының тұрақтылығын жақсарта алады.

Жоба жұмысының қорытындысы бойынша 10 000-нан астам адамның экономикалық жағдайы жақсарады және жоба нәтижелері 180 000-нан астам адамға жанама түрде жағымды әсерін тигізеді.

Байланысушы тұлға – Адбурашит Исабаев, жоба үйлестіруші, wisadvisor@carececo.org

Анықтама:

Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы (ОААЭО) – 2021 жылы Орталық Азияның бес елінің Үкіметтері, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы, сондай-ақ 1998 жылы Даниядағы Орхус қаласында өткен 4-ші жалпыеуропалық конференцияның шешіміне сәйкес Еуропалық Одақ пен БҰҰДБ құрған тәуелсіз, саяси емес, коммерциялық емес халықаралық ұйым. ОААЭО Орталық Азияның бес елінен алынған бірегей мандатқа ие және оның миссиясы Орталық Азия елдеріне қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық және өңірлік проблемаларды шешуге жәрдемдесу болып табылады.

ОААЭО туралы толығырақ https://carececo.org/main/сайтында

Орталық Азиядағы климат туралы толығырақ https://centralasiaclimateportal.org/ сайтында

 

«Кока-Кола Қоры» («The Coca-Cola Foundation») — миссиясы Coca-Cola компаниясы жұмыс істейтін барлық елдердегі қауымдастықтардағы жағымды өзгерістерге ықпал ету болып табылатын халықаралық қайырымдылық қоры. Қор бүкіл әлем бойынша суға тұрақты қолжетімділік, климаттың өзгеруі, айналмалы экономика, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, дүлей апаттарды алдын алу және жою сияқты жаһандық сын-қатерлерді шешуге ұзақ мерзімді және елеулі үлес қосатын ұйымдар мен жобаларды қаржыландырады. Дүние жүзі бойынша осы салалардағы бастамаларды қолдау үшін Қор 1984 жылы құрылғаннан бері 1,5 миллиард доллардан астам грант бөлді.

Қор туралы толық ақпарат https://www.coca-colacompany.com/social/coca-cola-foundation сайтында қолжетімді.

 

Другие новости

Back to top button