Госорганы

Орман өртінің көбеюіне климаттың өзгеруі әсер етіп отыр – Ерлан Нысанбаев

Былтыр 800-ден астам орман өрті тіркелді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде орманды қорғау тақырыбына арналған Үкімет сағатында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

«Мемлекеттік орман қорының ауданы 30,9 млн гектар, оның ішінде орманмен көмкерілген жер — 13,7 млн гектар. Ел аумағында орманды алқап 5 пайызды құрады. 2023 жылы жалпы ауданы 116,8 мың гектарды қамтыған 810 орман өрті тіркелді, оның ішінде нақты орманды алаң 61,1 мың гектар», — деді Е. Нысанбаев.

Оның айтуынша, орманда қызыл жалынның жайылуына найзағай түсу (498), ауыл шаруашылығы жерлерінен келген өрт әсер еткен (87), сондай-ақ анықталмаған себептерден 194 оқиға тіркелген. Жеке және заңды тұлғалардың кінәсінен өрт шығуының 30 дерегі анықталды.

«Кейінгі жылдары орман өртінің көбейіп кетуі дүниежүзілік климаттың өзгеруіне тікелей байланысты екенін атап өтеміз. Бұл ретте, басқа жерге қарағанда Азия континентінде климат +4 градусқа жылдам көтеріліп жатыр. Бұл құбылыс былтыр желтоқсанда Дубайда өткен климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияда айтылды», — деді министр.

Другие новости

Back to top button