Выбор редакцииИнтервью

«Орамалмен кірмейсің, Назарбаевқа ұнамайды»: Танымал блогер орамалды не үшін шешкенін айтты

Танымал сценарист, блогер Перизат Мырзахмет орамал тағып жүргенде түрлі кедергіге тап болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Paradox YouTube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Блогер 2010 жылы намаз оқып, орамал таққан.

«Талай рет орамалым туралы айттым. Оны бірақ ешкім тыңдап жатқан жоқ. Қазір шешкім келді, шештім деп қысқа-нұсқа айтып жүрмін. Тимур Балымбетов те осы сұрақты қойған. Қандай жауап айтсам да, оны қабылдамайды. Тыңдарманның, оқырманның өзінің ішінде шындығы бар. Оқырманның шындығымен менің шындығым сәйкес келмегені үшін кінәламаңдар. Менің өз шындығым бар. 2010 жылы Алматыға көшкен кезде менде бәрі керемет болды. Ештеңеден таршылық көрмедім. Бір күні “Құдайға рақмет айтатын сәт болған шығар» деген ой келеді. Намаз оқыған кезде оранып, басқа кезде жалаңаш жүре берсем болатын еді. Бірақ перфекционист болғаннан кейін орамал тағып, жамылып бастадым»,  – деп еске алды алғаш намаз оқыған жылдарын.

Алайда әнші орамал таққаны үшін түрлі кедергілерге тап болғанын жасырмады.

«Қазір «иманың әлсіреген», «сен намазды тастаған жоқсың, намаз сені тастады» деген пікір айтылады. Мен білмеймін, Құдайдың жазғаны сол. Маған “шеш!” деген бұйрық келді, мен орындадым. Телпек киіп жүрген кездерім болды. Қарағандының 80 жылдығын ұйымдастыру үшін маған сценарий жазу тапсырылды. Сол кездегі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев іс-шараға қатысады деген хабар жетті. Мені стадионның күзетшісі кіргізбей қойды. «Орамалмен кірмейсің, Назарбаевқа ол ұнамайды, қазір командадан шығарып жібереміз» деді. Динара Адам «команда үшін шеш басыңдағыны, ең болмаса телпек киіп келші” деп өтінді. Ол кезде жұқа телпек таба алмай, қалың бас киім киіп отырғаным әлі күнге дейін есімде. Риксоста Динара Адам екеумізді үлкен бір танымал адаммен кездесуге шақырды. Ана кісі мені көрген кезде орнынан тұрады да кетіп қалады. Мен орамалмен отырдым. Динара сасқалақтап қалады да «не болды?» дейді. «Маған хиджабтағы қыз ұнамайды» дейді. Ал мен сценариспін, орамалымның ол жерге қатысы жоқ. Динара тағы да «сен шыға тұр» деді. Сол кезде «мынау менің жұмысыма кедергі» деген ойлар кете бастайды», – дейді блогер.

Сондай-ақ, Түркиядан ұшып келгенде де екі сағат тергеуде болғанын айтып берді.

«Бір жылы Түркиядан қайтып келе жатқанда мені екі жігіт бөлмелеріне апарып, сұрақтың астына алған. Ол кезде екіқабат болатынмын. Гармондарым ойнап жүрген кез, жылап жібердім. «Сен неге намаз оқисың, Түркияға не үшін бардың, кім саған намазды үйретті, сенің ұстазың бар ма, ата-анаң қандай?» деген сұрақтар қойды. Таңғы бесте тергеген кезде «болды, мен шешемін, керек емес маған мынау» дедім. Қорлық қой кәдімгідей. Ана жерде ұшақтан мас түскен адамдар болды. Оларға ешкім тиіскен жоқ. Ішімде барлығы дұрыс болса, кісі өлтірмесем, ұрлық жасамасам, өтірік айтпасам, өсек тасымасам, маған мұндай орамалдың керегі жоқ екен» дедім де шешіп тастадым. Оның барлығын түсіндіріп жатсаң тағы да кетеді. Өзімнің шешімім болды. Шешкен кезде қиын жағдай болды. Таңертең «бүгін жұмысқа орамалсыз барамын» деп ойлаймын. Ананы шешкім келеді басымнан, шеше алмаймын, көшеге шыға алмаймын, өзімді жалаңаш сезінемін. Сосын бүгін соңғы рет киіп барамын деймін де қайта киіп аламын. Бір күні анам: “Балам, қиналып жүрсің ғой, қайтесің, шешіп тастасайшы, өзіңді қинама, Алла көріп тұр ғой», – деді. Содан кейін басыма орамал салған емеспін, – дейді сценарист.

Сұқбаттың толық нұсқасын Paradox YouTube-арнасынан көруге болады

 

Другие новости

Back to top button