Западно-Казахстанская область

Оралдағы Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті

Мамандардың айтуынша, Оралдағы Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті. Деркөл өзенінің гидробекетінде судың деңгейі 708 сантиметрді құрады. Қауіпті деңгей 600-650 см. Ал, Шаған өзенінің гидробекетінде 1264 см құрады. Сонымен қатар Жайық өзенінің деңгейі бүгінгі күні 583 см-ді құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жазуы бойынша, Шаған мен Деркөл өзені максималды деңгейде бір арнада тоғысты. Жайық өзенінің көтерілуі және екі өзеннің тоғысуы судың ағыспен кетпей, сыртқа шығуына алып келді.

Осының салдарынан өзен сулары арнаға сыймай, Орал қаласындағы Самал шағын ауданына жайыла бастады.

Қазіргі уақытта Самал шағын ауданының тұрғындарын қауіпсіз жерлерге, эвакуациялық пункттерге көшіру жүргізілуде. Төтенше жағдайлар мен коммуналдық қызмет мамандары жұмыс істеуде.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Самал шағын ауданына барып, жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Другие новости

Back to top button